Мереке

Тілектер тоғысы

Сәрсенбі күні облыстық іскер әйелдер қауымдастығы «Таксим» кафесінде 50 анаға арнап мерекелік дастарқан жайып, сый-құрмет көрсетті.

Аталған қауымдастықтың төрайымы Күлшат Масалимованың айтуынша, аналарға арналған мұндай шара жыл сайын ұйымдастырылады.

Бүгінгі мерекелік дастарқанға белгілі ардагерлерімізді, зейнеткер әже-апаларымызды шақырып, құрмет көрсетіп жатырмыз. Аналар — біздің байлығымыз. Осындай мерекеде аналар қандай құрметке болса да лайық! — дейді ол.

Мерекелік дастарқан басында аналар мерекелік тілектерін жеткізіп, сүйікті әндерін шырқады. Сондай-ақ оларға қауымдастық атынан сый-сияпаттар тапсырылды.

Мерекелік басқосуға келген аналардың бірі — зейнеткер Рысты Қайырбаева. Жасы жетпіске таяған ақ жаулықты ана бүгінде 5 баласынан 18 немере сүйіп отыр. Жыл сайын қауымдастық ұйымдастырған кештерден қалмайтын белсенді ана өзінің жүрекжарды лебізін білдірді:

Облыстағы барлық аналарды, қыз-келіншектерді мерекемен құттықтаймын. Әрбір отбасына тек жақсылық, қуаныш тілеймін! Бүгін бізді құрметтеп жатқан қауымдастық төрайымы Күлшат Қабылбекқызына алғысымды айтамын.

Д.ТАУАНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button